426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында тәртіпке бағынбаған дәмхана иесі жауапқа тартылды

  • 345
  • UPD: 07:23, 03.04.2020
Түркістан облысында тәртіпке бағынбаған дәмхана иесі жауапқа тартылды

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген дәмхана қожайыны жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған рейд барысында Арыс аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Арыс қаласы аумағында орналасқан дәмхананың түнгі сағат 22:00-ден кейін де жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсетіп келгенін анықтады. Осы оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодесінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша хаттама толтырды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары облыс аумағында төтенше жағдай тәртібін бұзған 70-тен астам заңбұзушылықты анықтады. Басбұзарларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 17-сі әкімшілік қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы