476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қорғаныс кәсіпорындары медициналық мақсаттағы азаматтық өнімдер шығаруда

  • 753
  • UPD: 11:05, 03.04.2020
Қорғаныс кәсіпорындары медициналық мақсаттағы азаматтық өнімдер шығаруда

Төтенше жағдай кезінде ҚР қорғаныс кәсіпорындары жалпы және медициналық мақсаттағы азаматтық өнімдерді шығаруға жұмылдырылған.

Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары коронавирустық инфекцияның таралуын жоюға бағытталған жалпы мемлекеттік іс-шараларға жұмылдырылған. Өндірістік бағыттар бойынша да, қаржылық көмек көрсету жағынан да күш-жігер жұмсауда, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Конверсия шеңберінде қорғаныс кәсіпорындары жедел тәртіппен жалпы және медициналық мақсаттағы азаматтық өнімдерді шығаруға көшті.

Хабар 24 телеарнасы