478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Арнаулы жиындарға қатысқан әскери міндеттілерге әскери қызметкер мәртебесі беріледі

  • 674
  • UPD: 11:20, 03.04.2020
Арнаулы жиындарға қатысқан әскери міндеттілерге әскери қызметкер мәртебесі беріледі

Қазақстанда арнаулы жиындарға қатысқан әскери міндеттілерге әскери қызметкер мәртебесі беріледі.

Бұл туралы Хабар 24 арнасындағы брифингте Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Министр мәліметінше, егер жиынға қатысушы азамат ресми түрде жұмыс істеген болса, оның жиынға қатысуы кезінде айлық жалақысы сақталады. Мысалы, азамат 200 мың теңге жалақы алып келген болса, арнаулы жиын кезінде де оған сол мөлшерде ақша төленеді. Ал егер әскери міндетті адам жұмыссыз болса, оған ең төменгі жалақы мөлшерінде ақша төленеді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы