418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент карантинге жабылады

  • 282
  • UPD: 11:28, 03.04.2020
Шымкент карантинге жабылады

Шымкент ертеңнен бастап карантинге жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада қауіпті індет жұқтырған тағы 8 адам анықталды. Кеселдің жолын кесу үшін шаһар енді, толықтай құрсауланады. Қазір Шымкентте Тайманов көшесімен жүруге тыйым салынған. Сәрсенбаев пен Сүлейменов көшелеріндегі қозғалысқа да уақытша шектеу қойылды. Қалада 7 бақылау-өткізу бекеті бар. Полиция күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қазір Шымкентте вирус жұқтырған 11 адам бар. Карантин ертең кешкі 21:00-ден бастап енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы