426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда медициналық маскаларды 8 млн теңгеге заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

  • 169
  • UPD: 11:48, 03.04.2020
Алматыда медициналық маскаларды 8 млн теңгеге заңсыз сатпақ болғандар ұсталды Казинформ

Төтенше жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында медициналық маскаларды сату кезінде заң бұзушылық фактісін анықтады.

Алматы қаласының аумағында жалпы сомасыы 8 млн теңгеге 100 мың дана медициналық маска тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хаттамасының 8 тармағының негізінде тәркіленген медициналық өнімдер Алматы облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына жауапты сақтауға тапсырылды.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы