411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін коронавирус анықталған 3 түркістандықтың вирусты қалай жұқтырғаны белгілі болды

  • 658
  • UPD: 11:59, 03.04.2020
Бүгін коронавирус анықталған 3 түркістандықтың вирусты қалай жұқтырғаны белгілі болды

Бүгін Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 3 адам тіркелді.

Оның ішінде Жетісай ауданында екі азаматтан, Кентауда 1 азаматтан диагноз расталды. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Бұл туралы Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандар анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 14 адам тіркелген.


Хабар 24 телеарнасы