411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш мегаполисінде тез тұрғызылатын құрылымдардан жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

  • 192
  • UPD: 13:53, 03.04.2020
Еліміздің үш мегаполисінде тез тұрғызылатын құрылымдардан жұқпалы аурулар ауруханасы салынады Курсив.кз

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.

Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылданды.

Мұның алдында Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылғанын хабарлағанбыз.

 

Хабар 24 телеарнасы