410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазір жұмыссыздық мәселесі өткір – ҚСЗИ

  • 165
Қазір жұмыссыздық мәселесі өткір – ҚСЗИ

Мемлекет басшысының 31 наурызда жасаған мәлімдемесі қоғам сұранысына толық жауап берді.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Мадина Бектенова осылай деп пікірін білдірді. Сарапшы оған дәлел болатын фактілерді де мысалға келтірді. Экономика мен әлеуметтік сала қатар қамтылды. Әуелде 1,5 млн адамға әлеуметтік қолдау көрсету көзделген еді. Жағдайды бағдарлай келе, Президент азаматтардың бұл санатын кеңейтуді тапсырды. Жалпы 3 миллионға жуық адамға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатындардың да қатары көбейеді.

Мадина Бектенова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:

- Қазір жұмыссыздық мәселесі өткір. Бұл да мемлекет басшысының назарынан шет қалған жоқ. Мәселе Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шешіледі. Үкімет пен әкімдерге оны іске асыру бойынша нақты тапсырма берілді. Негізінен жастарды қамтуға басымдық беріледі.

Хабар 24 телеарнасы