411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тағы екі адам коронавирустан емделіп шықты

  • 160
  • UPD: 14:08, 03.04.2020
Алматыда тағы екі адам коронавирустан емделіп шықты

Алматыда қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 81 науқас емделуде. Олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны.

68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы ауыр, 11 ересек адамның (олардың біреуі облыстан) жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Бүгінгі күні инфекциялық стационардан екі адам жазылып шықты. Біреуі – 15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен келген.

Алматыда барлық ауруханадан шығарылғандар саны – 13, оның ішінде екі бала бар.

Хабар 24 телеарнасы