412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО кәсіпкерлері азық-түлікті арзандатып сатуға кірісті

  • 202
  • UPD: 14:17, 03.04.2020
БҚО кәсіпкерлері азық-түлікті арзандатып сатуға кірісті

Батысқазақстандық кәсіпкерлер сындарлы сәтте халықтың қалтасына салмақ салмауға бекініп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біз біргеміз!» акциясы аясында тұрғындарға бірінші кезекте қажетті азық-түлікті арзандатып сатуға кірісті. Атап айтқанда, күнделікті тұтынатын тағамның 11 түрі аудан тұрғындарына төмен бағамен жөнелтіліп жатыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде бұл тауарларды әр ауылға жеткізіп беруді де кәсіпкерлер өз мойнына алған. Ал, қаладағы ірі сауда орталықтары күн сайын сағат 09:00-11:00 аралығында тауарларды төмен бағамен ұсынып отырады.

Мейрам Қабдығалиев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Картоп, сәбіз, пияз шемішкенің майы сияқты тағам түрлері төмен бағамен сатылады. Бұл акция бойынша жексенбіден басқа аптаның барлық күндері жұмыс жасайды. БҚО әкімдігімен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын қадағалау жобасы мақсатында жүзеге асуда.

Адият Садықов, кәсіпкер:

- Картопты 80 тенгеден бағамен жеткізіп беріп жатырмыз ауылдарға. Қазір осы машинамен Қаратөбе, Сырым ауданына бара жатыр. Қазіргі уақытта пайданы ойлау емес, осындай кезде қазақ бар екенімізді көрсетейік деп ауылдарға өзіміздің көмегімізді тигізейік деген мақсат бізде.

Хабар 24 телеарнасы