432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы су айдындары әуеден бақыланды

  • 358
Ақмола облысындағы су айдындары әуеден бақыланды

Ақмола облысында биыл қар қалың түсіп, халықтың тасқын бола ма деп алаңдап отырғаны белгілі.

Жағдайды көзбен көріп, қандай да бір шешім қабылдау үшін еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жергілікті мамандармен бірігіп, аймақтың барлық су айдындарын әуеден бақылады. Әсіресе, жылда қауіп төндіретін Нұра, Есіл, Жабай, Қалқұтан және Шағалалы өзендерінің жағдайы ерекше назарға алынды. Осылайша, ең қауіпті деген Аршалы, Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының аумағы қамтылды. Әзірге қолда бар деректерге сай, аталған өзендердегі ылғал көлемі қалыпты деңгейде. Бірақ күн жылы әрі жауын-шашынды болатындықтан, бүгін-ертең оларға тағы сондай көлемде су келіп құюлуы мүмкін. Сондықтан сақтық шараларын күшейту қажет. Жалпы аймақта жағдай қиындайтын болса, жедел әрекет ететін бас-аяғы 2500-ге жуық адам мен 1 мыңнан астам техника дайын.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Әзірге жағдай тұрақты. Ең қауіпті деген Талапкер ауылы мен Атбасар қаласына да дәл қазір қатер төніп тұрған жоқ. Бүгінде Талапкерде қарды сыртқа шығару және дамбаны бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Ал, өзендердің көбі әлі мұз құрсауында. Күн күрт жылынып, қар жылдам еріп жатса, апта соңына қарай нақты шешім қабылдаймыз. Ал, әзірге жағдай бірқалыпты.

Хабар 24 телеарнасы