422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да көктемгі су тасқынының қаупі сейілді

  • 346
СҚО-да көктемгі су тасқынының қаупі сейілді

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының қаупі сейілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, наурыз айының жылы күндері мен жаңбырынан қалың қар еріп, жұқарған. Осыған байланысты су басу мүмкіндігі жоғары елді мекендер саны екі есеге кеміген. Қазір 41 ауыл бақылауға алынды. Енді мамандар Есіл өзені арнасынан асуы мүмкін деп болжап отыр. Әзірге, сең жүрген жоқ. Қазір Сергеевка қоймасынан келіп жатқан су деңгейі 23 сантиметр.

Хабар 24 телеарнасы