419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада коронавирус жұқтырудың бір күндік деңгейі 60-тан 15-ке дейін төмендеген

  • 468
  • UPD: 16:53, 03.04.2020
Елордада коронавирус жұқтырудың бір күндік деңгейі 60-тан 15-ке дейін төмендеген

Қатаңдатылған карантиндік шаралардың нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласында бір күндегі коронавирус жұқтыру жағдайы 60-тан 15 адамға, ал Алматыда 8 адамнан 2 адамға төмендеген.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ брифингінде айтты.

«Соңғы күндерде енгізілген карантиндік шаралар өте жақсы әсер етіп жатыр. Еліміз бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы инфекцияның күнделікті өсімі төмендеп келеді. Ары қарай да қажетті карантиндік шаралар осы екі қалада күшейтіліп, енгізіледі. Басқа өңірлерде көріп отырғанымыздай өсім бар. Бірақ карантиндік шаралардың негізінде күн сайынғы өсім бір деңгейде тұр», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы