413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жаз, күз айларында да жалғасуы мүмкін – министр

  • 770
  • UPD: 17:07, 03.04.2020
Коронавирус жаз, күз айларында да жалғасуы мүмкін – министр

ҚР денсаулық сақтау министрі коронавирустық инфекция күзде тағы қайталанатын болса, оған дайын болу керектігін айтты.

«Ғылыми зерттеу жұмыстарын бақылауда ұстап отырмыз. Түрлі-түрлі болжамдар бар. Бірақ қазіргі күнгі болжам бойынша, әрбір мемлекет 3 айдың ішінде ауырып шығатын түрі бар. Бір-бір жарым айдың ішінде ең жоғары деңгейге жетіп, ары қарай әр мемлекетте карантиндік шаралар енгізілуде. Соған байланысты инфекцияның таралу қаупін төмендетіп, осы үш айдың соңында ең төмен деңгейге жетеді», - деді Елжан Біртанов.

Эпидемияның өршуі басылса да, күн сайын жаңадан тіркеліп жатқан науқастары бар Қытай мен Кореяны мысалға келтіріп өтті.

«Қазіргі болжам бойынша, жаз айында, мүмкін күзде де коронавирустық эпидемия ары қарай жалғасуы мүмкін. Оны біз білеміз. Осыған байланысты қазіргі уақытта қажетті шаралар қарастырылып жатыр. Ары қарай инфекция күзде тағы қайталанатын болса, біз оған дайын болуымыз керек. Әр азамат бұл инфекцияның қаупін түсінуі керек», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы