418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Біртанов: Ауылдық жерлерде де науқастар тіркеліп жатыр

  • 336
  • UPD: 20:46, 03.04.2020

Олар «КОВИД-19»-бен ауырған науқастармен тікелей жұмыс істеп, кәсіби міндетін орындау кезінде ауруды жұқтырған.  Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, жалпы Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқастардың 11-інің жағдайы ауыр. Олар интенцивті реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. 68 науқастың денсаулығы орташа. 341 адамның денсаулығы қалыпты жағдайда.

Елде карантин талаптары күшейтілгелі вирустың таралу қарқыны бәсеңдеді. Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз апта басталғалы жұғу деректері азайған. Бұған дейін елордада бір тәулік ішінде індет 60 адамға жұқса 28-наурыздан бері 15 ке азайды. Алматыда 8 -ден екіге қысқарды. Жалпы коронавирустың 30 проценті ұжым ішінде таралатыны анықталған.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Өкінішке қарай, кейбір өңірлерде мәселен Түркістан, Қызылорда облысында тек қана қала емес, ауылдық жерде аудандық деңгейде науқастар тіркелді. Ауылдық жерде тұратын кейбір азаматтар сенбейді. Бірақ қазіргі күнде өте үлкен қауіп ауылдық жерде де карантиндік шараларды қабылдау керек. Азаматтар отбасыларымен бірге үйде отыруы керек. Бірінші қауіп – қарт адамдардың жағдайы. Оларды сыртқа шығармай үйде сақтау керек. Жалпы балаларға да, басқаға да қажетсіз қарым-қатынасты тоқтату керек.

Карантин кезінде ел тұрғындарына дәрі-дәрмек жоспарлы түрде жеткізіліп жатыр. Ол үшін 72 миллиард теңгеге шарт жасалған. Сонымен қатар отандық өндірушілерден 9,3 миллион дана бетперде алынып, өңірлерге таратылды. Десе де, маскаға сұраныс жоғары. Қосымша 10 миллионнан астам бетперде қажет. Ал отандық нарықта мұнша маска жоқ. Сондықтан шет елден әкелінеді.

Берік  Шәріп «СҚ –Фармация» басқарма төрағасының м.а:

– Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша, ҚХР қосымша бетперде сатып алуға рәсімдерін өткізу мүмкіншілігін қарастырды. Импорт үшін бізге баға 118 теңге қойылды. Әрине, баға жоғары. Біз бұдан төмен сатып алуға тырысамыз. Қазір коронавирус індетінің байланысты ҚХР-нан АҚШ, Еурпа елдері үлкен  көлемде сатып алып, тікұшақпен әкетіп жатыр. Сол себептен баға әрине жоғары.

Қытайдан алынған 5 миллион масканың алғашқы легі 15 сәуірге дейін елге жеткізіледі. Ол ең алдымен әлеуметтік аз қамтылған, осал топтарға және мұқтаж жандарға үлестіріледі. Брифинг барысында министр коронавирусқа байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандардың болжамын айтты. Яғни, бұл індетпен әрбір мемлекет үш айдай ауырған. Бірақ бүгінде індетті жеңген Қытай мен Оңтүстік Корея елдерінде жұқтыру деректері бірқалыпты тұр. Яғни, қайта ушығуы да ғажап емес. Сондықтан бұл аурумен күреске Үкімет те, халық та барынша дайын әрі сақ болуы керек.

Авторы: Талғатбек Әбдіқожа

Хабар 24 телеарнасы