411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда COVID-19-ды жұқтырғандардың қазіргі жағдайы қалай

  • 179
  • UPD: 23:29, 03.04.2020

Алматыда COVID-19 індеті расталғандар саны 93-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ, қаланың бас дәрігері бүгін коронавирустық инфекциядан тағы екі адамның сауығып, ауруханадан шығарылғанын айтты. Жалпы осы уақытқа дейін аталған диагнозбен ауруханада  ем алып, сауығып шыққандардың саны 13 болды. Бүгін БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген басқарма басшысы  қазіргі таңда  мегополисте  600-ге жуык өкпені жасанды желдету аппараты бар болса,  оның екеуі ғана ауыр халде жатқан науқастарға қосылды деді.

Тілеухан  Әбілдаев, қоғамдық  денсаулық  басқарма басшысы:

– 3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 79 пациент емделуде. Олардың бірі, Алматы облысының тұрғыны. 66 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 11 ересек адамның жай-күйі – орташа ауырлық деңгейінде.

Коронавирус инфекциясы анықталған 91-адамның 35-сі шетелден ұшып келген азаматтар екен.  Бұл індет осы азаматтармен байланыста болған тағы 48 адамнан анықталған. Ал ешқайда бармай-ақ, қалада жұқтырғандардың саны 5. «Қалғандары – осы тұрғындармен байланыста болғандар», – дейді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова. Бас сан-эпидемиологтың айтуы бойынша, қалада бүгінге дейін 10 мыңнан астам адам коронавирусқа тексерілген. Және қазіргі таңда өкпенің қабынуы және жедел респираторлық вирустық инфекцияға шағымы бар азаматтардың сынамалары да,  COVID-19  ға тексеріліп жатыр деді ол.  Ал қаладағы карантиндік ошақ саны 28-ге жеткен.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы