411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жаңа жұмыс орындары ашылады

  • 183
  • UPD: 23:56, 03.04.2020

Батыс Қазақстан облысындағы ірі өндірістік кәсіпорындар жұмысшылар санын қысқартпайды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Керісінше, бірнеше инвестициялық жобаны іске қосу арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр. Мәселен,  трансформатор зауыты қуаты 35-500 кв болатын панелді радиаторлар өндірісін іске қосқан кезде 115 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал құны 2 миллиард теңге болатын жиһаз фабрикасы іске қосылса, аталған өнім түрлеріне қатысты импорт көлемі азайып, салықтық түсімдер көлемі арта түспек. Теріні бастапқы өңдеу цехы да іргелі жобалар санатында. Өндіріс ошағында ауысымына 600 тері қайта өңдеуден өткізіледі. Осы жерде екі қолға бір тапқан жұмысшылар барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, өз міндеттерін атқаруда.  

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

– Олар барлығы қомақты қаражат, инвестиция бөлді, енді біздің мақсатымыз, дер кезінде осы жобаларды ашатын болсақ онда жаңа жұмыс орындары ашылады.  Бәрі бізге керек жобалар, олар тек ішкі нарыққа емес экспортқа да шығатын өнімдер. Яғни, бізге шетелдік валютамен келетін кірістер. Сондықтан бәрін бақылауда ұстап отырмыз, қажетті көмекті Үкімет жағынан беріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы