426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС жүйесі 1 шілдеден бастап қолжетімді болады

  • 593
  • UPD: 23:21, 03.04.2020
МӘМС жүйесі 1 шілдеден бастап қолжетімді болады

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі елімізде 1 шілдеден бастап іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүйені мерзімінен кеш енгізу  Мемлекет басшысының коронавирус індетіне байланысты берген тапсырмасына сәйкес қабылданып отыр. Айта кетейік, міндетті медициналық сақтандыру 1 сәуірден бастап іске қосылуы тиіс болған. Енді бірінші шілдеге дейін Қазақстанның барлық тұрғыны «шартты» түрде сақтандырылған болып саналады. Бұл елде тұратын әрбір азаматтың тегін медициналық көмек түрлерін ғана емес, медициналық сақтандыруға кіретін қызметтерді де пайдалануына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қорға қаржы жинақтау жалғасып жатыр. Сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 наурызына дейінгі аралықта 298 миллиард теңгеден астам қаржы жинақталған.

Нұрлыбек Қабдықапаров, қалалық «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры:

– Сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен  2020 жылдың 31 наурызына дейінгі аралықта медсақтандыру қорына қаржы жинақталды. Алматы қаласы бойынша бұл жинақталған соманың 5/1 бөлігі бұрынғы оңтүстік астаналықтарға тиесілі. Атап айтқанда, Алматының қорға аударған жарнасы 60 млрд. теңгеден асып жығылады. Оның 54,1 млрд теңгесі жұмыс берушілерге тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы