413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда волонтерлер қарияларды қамқорлап жүр

  • 176
  • UPD: 23:21, 03.04.2020
Таразда волонтерлер қарияларды қамқорлап жүр

Жамбылдық волонтерлер күрделі кезеңде қарияларға жәрдем беру ісіне күш салып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар пошта қызметкерлерімен бірлесіп мұқтаж жандарға зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларын жеткізіп беруге кірісті. Қазір өңірде төтенше жағдайға байланысты «Әулиеата жастары» волонтерлік штабы құрылған. Қазір еріктілер «Қоғамдық сақшы», «Көмек», «ІТ-волонтер», «Таза жүрек» және «Біз біргеміз» сияқты 5 жобаға басымдық беріп отыр. Осы игі шаралар барысында 100-ден астам акция өткізіліп, үш мыңға жуық отбасына көмек көрсетілген.

Серікбол Берікқожа, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңда Жамбыл облысында 6 мыңға жуық волонтер бар. Оның ішінде қазір төтенше жағдайларға байланысты штаб құрамында 100 волонтер қызмет етуде. Ол 100 волонтердің негізгі мақсаты, азық-түліктерді үйге жеткізіп беру. Сонымен қатар ТЖ кезінде қажетті алғашқы көмектерді, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Хабар 24 телеарнасы