411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда короновирус жұқтырған 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр

  • 141
Алматыда короновирус жұқтырған 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр coronavirus2020.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінен кейінгі 93 науқастың қатарына тағы 16 адам қосылды, олардың бәрі вирус жұқтырған жандармен қарым-қатынаста болғандар.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 109-ға жетті. 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр, қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық. Олардың бәрі де коронавирус жұқтырғандығы расталғанда станционарда оқшауландырылған еді», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабараламада.

Төрт науқас «Мәскеу – Алматы» рейсімен ұшып келген бір жолаушымен байланыста болған. Олардың біреуі науқастың анасы, 2009 және 2017 жылы туған екі баласы және бір байланыста болған адам.

«Екеуі – 16 наурызда Ыстамбұлдан, екеуі – 10 наурызда Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген, тағы біреуі – 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған», - делінген хабрламада.

Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны – 19.

Олардың бәрі қазіргі таңда 14 күндік үй карантинінде.

Хабар 24 телеарнасы