413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да СЖҚК қызметі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті

  • 155
  • UPD: 13:40, 04.04.2020
БҚО-да СЖҚК қызметі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті

БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тұрғыда әлеуметтік желілердің мүмкіндігі толық пайдаланылады. Мысалы, тікелей эфир арқылы ұсынымдар қабылданып, өзге де мәселелер хабарланып отырмақ. Төтенше жағдай енгізілген уақытта бері 2 ұсыным берілген. Оның бірі – автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының қызметкеріне, ал екіншісі – Қазталов аудандық ауылшаруашылық бөлімінің маманына қатысты. Соңғысының бірнеше мәрте пара алғаны дәлелденіп, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы кесілген.   

Нұрдәулет Сәмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Бөлініп жатқан субсидияны аудандағы шаруа қожалықтарының салып жатқан құдықтарына субсидия кезінде өзінің қызметін теріс пайдаланып, олардың жасаған құдықтарын дұрыс өлшемей, техникалық шарттарға сәйкестігін тексермей, пара алып жүрген. Сондықтан аталған шаруа қожалықтарына негізсіз субсидия бөлінетін. Аталған қызметкердің іс-әрекеті әшкереленіп, сот үкімі шықты.

Хабар 24 телеарнасы