411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағалар белгіленуде

  • 143
  • UPD: 19:04, 04.04.2020

Нұр-Сұлтанда бірқатар супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үстеме бағасыз сатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, қаладағы карантин және төтенше жағдай режимі кезінде санитарлық нормаларды сақтау бойынша шаралар кешенін қабылдады. Ал, қазір супермаркеттердегі ахуал қандай?

Риат Шони, тілші:

- Қалалық әкімдік карантин және төтенше жағдай режимі кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және де барлық санитарлық нормаларды сақтау бойынша бірқатар шаралар қабылдаған екен. Елордада тұрақтандыру қоры құрылды. Сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру бойынша жұмыстар да жүргізілді. Қазір кей супермаркеттер картоп, пияз, сәбіз және қырыққабатты сынды бірқатар тауарларды өзіндік құны бойынша сатып жатыр. Ал бүгінгі күннен бастап

1) бірінші сортты бидай ұны,

2) бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны

3) рожки

4) қарақұмық жармасы

5) тазартылған күріш

6) сиыр еті

7) тауық жұмыртқасы (I санатты)

8) күнбағыс майы

9) ас тұзы

сынды тауарларға шекті бағалар белгіленуде. Сатушылардың айтуынша, барлық тауар жеткілікті. Ешқандай дүрбелеңге жоқ. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және санитарлық нормаларды сақтау бойынша прокуратура мен монополияға қарсы органдардың қызметкерлері бірлесіп, рейдтер жүргізеді. «Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады», - дейді қалалық әкімдік өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы