411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды

  • 197
  • UPD: 19:18, 04.04.2020
Алматыда жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды

Алматыда жұқпалы аурулар ауруханасы салынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Ол бүгін аурухана құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – 280 орынға есептелген провизорлық аурухана. Оның ішінде 28 интенсивті терапия бөлімшесі болады. Емдеу орталығын тездетіп салу үшін дайын, қабырғалары тез жиналатын құрылыс материалдары пайдаланылады. Мұнда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және қатерлі індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдар жатады. «Мұндай аурухана бізге індет жұқтырған жандарды дер кезінде анықтап, оларды оқшаулап, уақытылы әрі жүйелі ем-шара қабылдауына мүмкіндік береді», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. Ал, оны салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған Мемлекеттік комиссия қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы