414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте карантин режимі енгізілді

  • 304
  • UPD: 21:39, 04.04.2020

Шымкент қаласының аумағы бүгін сағат 21:00-ден бастап карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы барлық мекеменің жұмысы уақытша тоқтатылады. Саябақтар мен қоғамдық тамақтану орындарына баруға болмайды. Ал, дәмханалар мен мейрамханалар үйге жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді. Шымшаһарда карантин кезіндегі өзге де шектеулер мен блок-бекеттердің жұмысы жайында арна тілшісі Нұрбек Байбосыннан білсек.

Диктор:

- Нұрбек, көшедегі көліктер мен адамдар саябырсыды ма? 

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Шымкент қаласы енді карантинде. Қала тұрғындары толықтай шектеу кезінде үйлерінен тек азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық көмек, банк және пошта қызметтерін алуға ғана шыға алады.

Себебі, енді қалада тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Сондай-ақ азаматтардың қала аумағында жеке көлігімен жүруіне де тыйым салынады. Бұл талап тізімге кіретін мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды және ол азаматтардың қолында жұмыс орны берген анықтама болуы керек. Осыған дейін шаһарда шектеу шаралары қолға алынған еді. Cоған қарамастан, төтенше жағдай режимін бұзу оқиғалары тоқтамай тұр. «Жауапкершілікке 62 тұлға тартылды», дейді қалалық прокуратураның баспасөз қызметі. Бүгінде шаһарда 31500 медициналық бетперденің және 730 литр антисептик сұйықтығының заңсыз сатылуының жолы кесіліпті. Олардың барлығы тәркіленіп, қалалық денсаулық сақтау басқармасына берілген.

Шымшаһарда карантин кезінде блок-бекетттердің жұмысы күшейтіледі. Қала аумағындағы 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Енді тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Бұл шектеудің қаулыда көрсетілген белгілі азаматтар мен көліктерге қатысы жоқ екенін де еске саламыз. Қала тұрғындарын жалпы халықты карантин режимін бұзбауға, қайта оны сақтауға шақырамыз.

Ол үшін үйіңізде болғаныңыз абзал. Үйде болғаныңыз, елімізбен бірге болғаныңыз.

Хабар 24 телеарнасы