411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қоғамдық орындар зарарсыздандырылып жатыр

  • 168
  • UPD: 08:25, 05.04.2020
Оралда қоғамдық орындар зарарсыздандырылып жатыр

Оралда қала көшелері мен саябақтар зарарсыздандырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жұмыстарға коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларымен қатар төтенше жағдайлар және полиция жасақтары, сондай-ақ санэпидемиолог мамандар да тартылған. 100 шақты пәтер иелерінің кооперативі 800-дей көп қабатты үйдің кіреберісіне дезинфекция жасауы тиіс. Тағы 400-дей үйге тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының күшімен зарарсыздандыру жұмысы жүргізілмек.  

Орынбасар Бисенғалиев, қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– Бұл жұмыстар күнделікті атқарылып жатыр. Аялдамалар да жиі тазартылып тұрады. Көшелер мен өзге де адамдар көп шоғырланатын жерлерді зарарсыздандырудың кестесі жасақталды.

Хабар 24 телеарнасы