419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада кәсіпкерлерге онлайн форматта құқықтық кеңес беріледі

  • 486
Қызылордада кәсіпкерлерге онлайн форматта құқықтық кеңес беріледі

Төтенше жағдай кезінде қызылордалық кәсіпкерлерге онлайн құқықтық кеңес беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іс-шараға тәжірибелі мамандар, ғалымдар мен заңгерлер тартылады. Бизнес иелерінің өзекті мәселелерін шешу үшін сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік және туризм басқармасы бірлесіп арнайы жұмыс тобын құрған. Бұл бастама «Бизнес пен инвестицияларды қолдау» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Ал сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы өтініштер тәулік бойы Call-орталықта қабылданады. Айта кетейік, Сыр өңірінде еңбекке қабілетті халықтың үштен бірі шағын және орта бизнесте жұмыс істейді.

Бақытжан Ниязов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бизнес пен инвесторларды сүйемелдеу жобасының аясында 19 инвестордың жобасы сүймелденген болатын. Олардың жалпы құны 500 млрд. теңгенің үстінде болатын болса, бұл іс-шаралардың барлығын өзіміздің интеграцияланған ақпараттық жүйелеріміз арқылы,  мемлекеттік органдардың интернет ресурстарындағы ақпараттарды мониторинг жасау арқылы іске асырамыз.

Хабар 24 телеарнасы