424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының шаруалары зығыр сабанын кәдеге жаратып отыр

  • 637
Ақмола облысының шаруалары зығыр сабанын кәдеге жаратып отыр

Ақмола облысының ауылдары соңғы жылдары арзан әрі табиғи отынмен жанатын жылу қазандықтарына көше бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай бастаманы жергілікті шаруалар қолға алған. Олар осылайша, бұрын егістік даласында ешкімге керексіз боп жататын зығырдың сабанын кәдеге жаратып отыр. Әрі елді мекенді орталық жылу жүйесіне қосып, халықтың алғысына бөленуде. Мәселен, Атбасар ауданының Родионовка ауылындағы осындай қазандық 40 шақты үй мен бірнеше әлеуметтік нысанды жылытады. Шаруашылық басшыларының айтуынша, енді шеткері орналасқан үйлерді де қосу жоспарланып отыр. Жалпы, қазір аймақтың әрбір ауданында дәл осындай бірнеше қазандықтар бар. Ал бұл экономикалық және экологиялық тұрғыда өте тиімді дейді мамандар.

Сергей Бобко, серіктестік директорының орынбасары:

– Зығыр сабаны – экологиялық таза отын. Сондықтан одан зиянды қалдықтар бөлінбейді. Оның үстіне қызуы да көмірден еш кем емес. Ал экономикалық тиімділігін айтатын болсақ, ол өзіміздің егістіктен алынатын болған соң бізге тегін түседі деуге болады. Ал көмір біз үшін өте қымбатқа шығад

Хабар 24 телеарнасы