411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында СOVID-19 белгілері расталған адам саны 28-ге жетті

  • 208
  • UPD: 13:21, 05.04.2020
Жамбыл облысында СOVID-19 белгілері расталған адам саны 28-ге жетті

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 28-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте аймақта 17 жағдай тіркелді. Олардың төртеуі  бірнеше күн бұрын Үндістаннан ұшып келген азаматтар. Ал 3-еуі  Қордай ауданының тұрғыны болса, қалған 10-ы шекара бекеттеріндегі жүк көлігі жүргізушілері. Яғни, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары. Белгілі болған 4 Қырғыз азаматы Бішкекке ем алуға жіберілді. Қордай ауданында қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 6 сәуірден бастап карантин режимі енгізіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы