412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Біртанов: Коронавирустың таралуы 52-ден 12 процентке кеміді

  • 272
  • UPD: 13:20, 05.04.2020
Е.Біртанов: Коронавирустың таралуы 52-ден 12 процентке кеміді

Карантин кезінде жүргізілген жүйелі жұмыстар мен қатаң тәртіптің арқасында коронавирустың таралуы 52 ден 12 процентке кеміген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Елжан Біртановтың дерегіне сүйенсек, қауіпті індеттің беті жақын арада қайтпайтын секілді. Себебі әлемдік тәжірибе көрсеткендей, отандық мамандар сәуір-мамыр айларында ауру қарқын алатын кез деп топшылап отыр. Қазіргі таңда дертіне дауа іздеген жандардың саны 500-ден асады. Ал Елжан Біртанов олардың саны 3 мың 500-ге дейін жетуі әбден мүмкін дейді. Сондықтан барлығына сақадай сай болуымыз керек. Ол үшін науқастарға арналған 3 мың 920 орын дайын екен. Ал 7 мың 300 орынға күдіктілер жатқызылады. Министрдің жазуына қарағанда, қажетті құрылғылар мен препараттар қоры жеткілікті. Қазір әлем елдерінің барлығы дерлік қасірет шегіп жатқандығын ескерген министр еліміздің үш ірі қаласында жедел көмек көрсету орталығын салуды ұсынды. Құрылыс жұмыстары 15-20 күнге созылуы  мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы