413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда карантин енгізілгелі бері көлік ағыны 71% азайған

  • 187
  • UPD: 14:30, 05.04.2020
Нұр-Сұлтанда карантин енгізілгелі бері көлік ағыны 71% азайған

Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік қозғалысы 71 процентке азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ереже бұзу дерегі 60 процентке төмендеді. Мұндай мәліметпен тәртіп сақшылары бөлісті. Бүгінге дейін ережеге бағынбаған 589 адам полиция пункттеріне жеткізілді. Оның 283-іне айыппұл салынды. Ал 12 азамат қамауға алынған. Жалпы бас шаһарда жұмыссыз режим тағы бір аптаға ұзартылды. Бұл жаңалық қала тұрғындарына оңай тимеді. Себебі саудасы тұралап қалған кәсіпкерлер енді тағы жеті күн кәсіптерін жүргізе алмайды. Дегенмен қаладағы азық-түлік сататын кей дүкендер жұмыс істеп тұр. Мамандар тауар тапшылығы болмайды деп сендірді. Айтпақшы, көптеген сауда нүктелері жабық болғанымен, қазір үйге жеткізу қызметі бір жолға қойылған.

 

 

Хабар 24 телеарнасы