425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкері бойжеткенді өлімнен құтқарып қалды

  • 353
  • UPD: 21:50, 05.04.2020
Нұр-Сұлтанда полиция қызметкері бойжеткенді өлімнен құтқарып қалды

Елордадағы көп қабатты үйдің тұрғындары газдың иісінен күдіктеніп, полицияға хабарласқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік инспектор тұрғындарға қауіпті аумақтан алыс тұруды ескертіп, өзі көмекке ұмтылған. Иіс шыққан пәтердің терезесін бұзып, ішке енген. Сөйтіп ес-түссіз жатқан бойжеткенді сыртқа алып шыққан. Дәрігерлер келгенше алғашқы медициналық көмекті де көрсетіп үлгеріпті.

Азамат Өтегенов, учаскелік полиция инспекторы:

– Қыз баланың аузынан көпіршіп, газдың иісі шыға алмай тұрды. Сол үшін мен бірінші қолда бар нәрсе – галстугымдағы зажимімді алдым да ауызына салып, ауа жіберу әдісін жасадым. Сол жерде медицина қызметі келді. Полиция қызметі қызды қалпына келтіруге көмектесті.

Хабар 24 телеарнасы