411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы Төңкеріс ауылы карантинге жабылды

  • 284
  • UPD: 22:03, 05.04.2020
Қызылорда облысындағы Төңкеріс ауылы карантинге жабылды

Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының Төңкеріс ауылы да карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыр өңірінде соңғы күндері анықталған науқастардың екеуі – осы елді мекеннің тұрғындары. Қазір ауылға кіреберіс жолдарға блок-бекет қойылып, залалсыздандыру жұмыстары басталды. Бірінші кезекте науқастардың үйі, ауласы және көше бойы дезинфекцияланады. Науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы оқшауланды.

Айта кетейік, Сыр өңірінде коронавирус жұқтырғандар саны 31-ге жетті. Соңғы анықталған 3 адамның екеуі жоғарыда айтқан Шиелі аумағынан болса, біреуі - Қармақшы ауданының тұрғыны. Облыста коронавирус жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған 740 адам анықталған. Оның 254-і карантинде, 486-сы үй жағдайында бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы