411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы мұқтаж жандар азық-түлікпен қамтылды

  • 182
  • UPD: 22:03, 05.04.2020

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында мүгедек бала тәрбиелеп отырған 50 отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі шараға қалталы азаматтар қолдау жасаған. Көмек дорбасында күнделікті тұрмысқа қажетті тауардың бәрі бар. Құны – 12 мың теңге төңірегінде. Жалпы карантин кезінде 4 мың отбасы азықпен қамтылған. Алдағы уақытта тағы екі мың жанұяға көмек көрсету көзделген. Қалалық әкімдікте осындай мұқтаж азаматтардың тізімі бар. Тиісті тауарлар мекенжай бойынша үлестіріледі. Айта кетейік, әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтар 109 нөміріне хабарласып, тіркеуге тұра алады.

Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі:

– Көпбалалы аналар да, жалғыз басты зейнеткерлер де, жалғыз басты мүгедектер де, тіпті толыққанды отбасы, бірақ дәл қазір көмекке мұқтаж отбасылар болса, оларға біз жоқ демейміз. Яғни бұл азық түлік себеті қоғамның барлық санатына арналған. Бірақ бүгінгі себеттер мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларға жеткізілуде.

Инна Котельникова, қала тұрғыны:

– Өзім жұмыс істемеймін. Қант диабетімен ауырамын. Қазір баламды қарап үйде отырмын. Жағдайымыз ауыр. Осыны түсініп, көмек көрсеткен әкімдікке зор алғысымды білдіремін. Әрдайым жәрдемдеседі. Бұл біз үшін үлкен көмек болды.

Хабар 24 телеарнасы