411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин кезеңінде жалған анықтама жасатқандар қылмыстық іске тартылады

  • 198
  • UPD: 22:21, 05.04.2020

Карантин енгізілгелі 18 күн болды, бірақ сол қатаң талап-ережеге атүсті қарап жүргендер әлі де бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Топтасып жүреді, серуенге шығады, тіпті қонаққа барып, той тойлайтындары да табылады. Осыған байланысты Алматы қаласының жол полициясы әкімдік қызметкерлерімен бірге рейд жүргізді.

«Үйде болыңыз, себепсіз ешқайда шықпаңыз» деген сөздер күн сайын көгілдір экраннан да, әлеуметтік желілерден айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ әлі де ескертулерді елемей, қауіпті індетке көз жұма қарап жүргендер көп. Мысалы, бүгін жексенбі болса да, Алматыдағы көлік қозғалысы бәсеңдеген жоқ. Тексеріс кезінде әркім әртүрлі сылтау айтады. Көпшілігінің қолында анықтама қағазы бар.

Жол полициясы мен әкімшілік қызметкерлерінің арнайы жүргізген рейд нәтижесінде бүгін 29 жеңіл көлік айып тұрағына қойылса, 177  адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 16 адам қамауға алынды. 

Ерлан Қожағапанов, қала әкімінің бірінші орынбасары:

– Кейбір мекеме басшылары туыстарына біз жазған анықтаа берген көрінеді. Ертеңнен бастап бұл анықтамалар жарамайды. Базада медицина саласында істейтін, құқық қорғау орындарында істейтін әріптестеріміз, комуналдық және де азық-түлікпен қамтитын компаниялар толығымен тізімге кірді. Бұл тізімде бүгінгі таңда 20 мыңнан астам көлік бар. 59 мыңнан астам азамат бар. Сол тізім бойынша бүкіл блок-бекеттер жұмысын сол базаға қарап өз жұмысын істейді.

Енді тәртіпке бағынбайтын болсаңыз, өз обалыңыз өзіңізге. Ертеңнен бастап ереже бұзғандар қатаң жазаланады. Ал егер жалған анықтама жасатып алсаңыз, онда жағдайыңыз мүлде қиын. Қылмыстық іске тартылуыңыз әбден мүмкін. Бүгіннен бастап қаладағы мобильді блок-бекеттердің де саны арта түседі.

Жандос Мұратәлиев, қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңда Алматы қаласында 36 мобильдік бекет жұмыс істеп тұр. Ол қаланың ең үлкен магистральді көшелерінде орналасқан. Түнгі уақұытта 70-ке жуық мобильдік осындай осындай полиция қызметкерлері жолдың бойында жүргізушілерді тоқтатып, қай жерге қандай себеппен бара жатқанын анықтап, себепсіз қаңғырып жүрген азаматтар болатын болса, оларды тоқтатып, аудандық басқармасына жеткізіп, әкімішілік айыппұл салып жатыр.

Жауапкершілікке тартылса, 177 адам қамауға алынған. Енді күн сайын әкімшілікпен полиция қызметкерлері арнайы рейдтер жүргізетін болады. Бұл шаралар қорқыту үркіту үшін емес қауіпті індетті таратпау мақсатында жасалып жатыр. Сондықтан қала тұрғындарына түсіністік танытып, тәртіпке бағынуға шақырамыз.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы