422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізде жануарларға 150 млн екпе жасалады

  • 386
  • UPD: 10:45, 06.04.2020
Биыл елімізде жануарларға 150 млн екпе жасалады

Қазақстанның ветеринарлық зертханалары штаттық режимде жұмыс істеуде, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

2020 жылы Қазақстанда 19 аса қауіпті ауруға қарсы жануарларды вакцинациялау бойынша 150 млн-нан астам манипуляция жүргізу жоспарланған. Олардың қатарына аусыл, сібір жарасы, құтыру, пастереллез, туберкулез, ҰҚМ шешегі, құс тұмауы, оба, жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея, сондай-ақ эмкар, эктима, жылқының құлағы, ринопневмония, нодулярлық дерматит, ет қоректілердің эхинококкозы, лептоспироз, листериоз, ньюкасл ауруы, қойдың анаэробты энтеротоксемиясы және брадзот кіреді

Вакцинациялау үшін 120 млн ветеринарлық препарат пен 30 мың литр дезинфекциялық құралдар сатып алынады.

«Бүгінгі күні ветеринариялық алдын алу іс-шаралары жоспар бойынша жүргізіледі, ветеринариялық зертханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай ҚР АШМ-ның тұрақты бақылауында», - делінген АШМ хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы