411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық 182 мың оқушы төртінші тоқсанды үйде отырып оқиды

  • 184
  • UPD: 11:29, 06.04.2020
Елордалық 182 мың оқушы төртінші тоқсанды үйде отырып оқиды

Қазақстандық мектептер қашықтан білім беру жүйесіне көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төртінші тоқсанды елордалық 182 мың оқушы үйде отырып оқитын болады. Қалада 117 жалпы білім беретін орта мектеп бар. Мұғалімдер онлайн сабақ беру форматын таңдаған екен. Сондай-ақ «Еларна» және «Балапан» арналарындағы телесабақтар кәдеге жаратылады. Бала үйде болғандықтан, ендігі қадағалау тікелей ата-ананың мойнында. Мамандар кездесер қиындықтар уақытында еңсерілетін болса, соңғы тоқсан 25 мамырда аяқталады деп болжап отыр.

Шәкәрім Сейсенбай, №25 мектеп-лицейдің директоры:

- Бізде қиыншылықтар кездесуі мүмкін. Кейбір мұғалімдер жаңадан үйреніп жатыр. Ақпараттарды басқа жерге салуы мүмкін. Сондай шатасулар болып қалуы мүмкін. Бірақ әкімшілік қадағалап отырамыз. Тексеріп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы