422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин: әскери қызметшілер мен полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

  • 656
  • UPD: 11:40, 06.04.2020
Карантин: әскери қызметшілер мен полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етеді ҚР ҚМ

Ақмола және Алматы өңірлік гарнизондары әскери полиция жасақтарының әскери қызметшілері Ұлттық ұлан және полиция бөлімшелерімен бірлесіп Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында патрульдеуге қатысады.

Бірлескен патрульдеу бұл карантин кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара болып саналады. Əскери полицияның жасағы карантиндік аймақтың периметрі бойынша ұйымдастырылған блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік етеді, қоғамдық орындарды патрульдейді және әскери автокөлік лектерін сүйемелдейді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында «құқық бұзушылықтың, ең алдымен ұрлық, тонау, биліктің заңды талаптарына бағынбау фактілерінің өсуіне жол бермеуге болмайды» деп тағы да атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы