411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға жасыл дәліз арқылы жүк көліктері қалай өтеді?

  • 506
  • UPD: 14:25, 06.04.2020
Елордаға жасыл дәліз арқылы жүк көліктері қалай өтеді?

Карантин жағдайында елордаға азық-түлік пен гигиеналық заттарды жүк көлік жүргізушілері енді кедергісіз тасымалдай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін арнайы өтінімді post.iqala.kz сайты арқылы алдын ала беруге болады. Өтінім бірден «Сергек: блокпост» қосымшасына түседі. Көлік жүргізушілері сайтқа өтіп, қала аумағына кіру және шығу уақытын, жеке сәйкестендіру және көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін, тасымалданатын тауар түрі мен санын, сонымен қатар жүру бағытын көрсетеді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова хабарлады.

Айта кеткен жөн, өтінім беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ. «Бұл пандемия кезінде адамдар арасындағы байланыстың алдын алып, тексеріске кететін уақытты үнемдейді», - дейді жергілікті билік өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы