413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында бір ауылдың алты тұрғыны коронавирус жұқтырды

  • 167
  • UPD: 15:21, 06.04.2020
Қызылорда облысында бір ауылдың алты тұрғыны коронавирус жұқтырды

Қызылорда облысында коронавируспен соңғы тіркелген 6 адамның 5-еуі бұған дейін анықталған науқастың отбасы мүшелері болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, біреуі құрбысы екен. Олардың кішісі 4 жаста, ал үлкені 54 жаста. Барлығы Төңкеріс ауылының тұрғындары. Бұған дейін аталған елді мекеннен COVID-2019-ды жұқтырған 2 адам анықталып, ауыл карантинге жабылған еді.

«Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Тиісті емдерін қабылдап жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Сондай-ақ мамандар кейбір тұрғындардың карантин тәртібіне салғырттық танытып отырғанын алға тартты. Салдарынан індет дендеп отыр.

Жақсылық Әбдусәметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жаңағы айтып отырған жағдайымызда үй жағдайында кішігірім құрбыларының арасында, отбасында жиын ұйымдастыру тағы да орын алған. Бұл деген жауапкершіліксіздіктің белгісі. Егер мұндай мәселелер тиылмайтын болса, біз жұқтырудың алдын ала алмаймыз. Бүкіл облыс тұрғындарын осы карантиндік режимге бағынуға, толық сақтауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы