411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыcтау облысында науқаспен байланыста болған 138 адам карантинге жабылды

  • 158
  • UPD: 15:26, 06.04.2020
Маңғыcтау облысында науқаспен байланыста болған 138 адам карантинге жабылды

Маңғыcтау облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы екі адам тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 3 сәуір күні қауіпті вирус анықталған ерлі-зайыптылармен қарым-қатынаста болған. Екі әйел адам да Ақтауда уақытша тұрып жатқан 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматтары. Науқастар бірден арнайы боксқа оқшауланды. Олар тұратын Ақтаудағы14-ші шағын ауданда орналасқан үйдің бір подъезі тұтас карантинге жабылды. Қала әкімдігі тәртіп сақшыларымен бірлесіп, оқшаулау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Аймақ басшылары тұрғындардан үйлерінен шықпай, сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрап отыр.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 5-ке жетті.

Ержан Күмісқалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Қызылорда облысының тумасы 3 сәуір күні анықталған ерлі-зайыптылармен контактіде болған деп есептеледі. Олардың жалпы 138 адаммен контактіде болғаны анықталды. Соның 23 адамы тікелей контактіде болған. Сол 23-тің екеуі қазіргі таңда коронавирусты жұқтырды деп есептеледі.Қалған 115-і әлеуеттік контактіде болған деп есептеледі. Барлығы қазір оқшауланды.

Хабар 24 телеарнасы