411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өткен тәулікте коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ

  • 132
  • UPD: 17:47, 06.04.2020
Елордада өткен тәулікте коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ

Жалпы елде қолға алынып жатқан қауіпсіздік шаралары айтарлықтай нәтиже берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында 28 наурыздан бері вирус жұқтырғандардың саны азайып келеді. Тіпті, 5 сәуірге дейін мұндай дерек 60-тан 0-ге дейін төмендепті. Ал Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны күніне 15-тен 6-ға дейін кеміп жатыр. Бұл жөнінде Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Бұған қоса, ол елімізде 120 медициналық қызметкер және 45 бала коронавирус жұқтырғанын жеткізді. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, науқастардың басым бөлігі ауруды жеңіл өткеріп жатыр. 

Айжан Есмағамбетова, ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

– Коронавирус жұқтырғандардың 85 процентінде ауру жеңіл және симптомсыз өтіп жатыр. Ал 11 процентінің жағдайы орташа ауыр. Нақты 16 адамның жағдайы ауыр саналады. Бұл науқастар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы