431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында оқушылардың 54,9 проценті қашықтан оқуға көшті

  • 481
  • UPD: 17:48, 06.04.2020
Алматы облысында оқушылардың 54,9 проценті қашықтан оқуға көшті

Алматы облысында 411 мыңнан астам оқушы болса, бүгіннен бастап соның 54,9 проценті қашықтан оқуға көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 45,1 пайызы республикалық және жергілікті телеарналар арқылы білім алады. Өткен жылдың желтоқсан айында Алматы облысындағы аудан орталықтарының барлығы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған болатын. Сондықтан қазіргі уақытта интернеттің жылдамдығына байланысты ешқандай проблема жоқ дейді мамандар. Талдықорғандағы № 12 мектеп гимназиясының 8- сынып оқушысы Әділ Саят қашықтан оқу жүйесінің өзіне ұнағанын, бірақ оның бәрібір мектепке барып, сыныптастармен бірге білім алғанға еш жетпейтінін айтты. 

Әділ Саят, оқушы:

 – Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты біз қашықтан оқытуды бастап жатырмыз. Бізге «Дарын онлайн», «Білім лэндтан» тапсырмалар береді. Біз соны орындап, мұғалімдерімізге жібереміз.

Жаңыл Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

 – Тек қана осы қала, аудандық орталықтарды интернетке қосуға, қашықтан оқытуға қалдырып отырмыз. Қалғанының бәрі теледидар арқылы. Нақтылап айтқанда, 225669 баламыз интернет арқылы, 185194 баламыз телевизор арқылы оқып жатыр. Бұл мәселе сәтті өтеді деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы