411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда бір адам кеселден жазылып шықты

  • 154
  • UPD: 21:03, 06.04.2020
Петропавлда бір адам кеселден жазылып шықты

Кеселден айыққандардың бірі Петропавл тұрғыны, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ол осы өңірде ауруды бірінші болып жұқтырған 27 жастағы әйел. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, науқас үйіне жіберілген. Бірақ алдағы 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне өкпеге жасанды дем беретін 10 құрылғы қойылған. Әйтеуір олардың көмегіне әзірге ешбір жан жүгінген жоқ.

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар стационарында қалған 24 науқастың жағдайы жақсы. Бәрінің де дене температурасы тұрақты. Қазір олар ауруды тасымалдаушы ретінде емделіп жатыр. Инфекция белгілері байқалмайды.

 

Хабар 24 телеарнасы