411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

  • 157
  • UPD: 21:12, 06.04.2020

«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының өндірістік филиалдары қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Компания елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты індеттің алдын алуға арналған бірқатар шара қабылдады. Соған сәйкес , шұғыл штаб құрылып, қашықтан жұмыс істеу кестесі енгізілген.

 «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Жетісу өндірістік филиалы екі апта бұрын қашықтан жұмыс істеу кестесіне ауысты. Дегенмен, компанияның алдындағы басты міндет  тұрғындарға үздіксіз газ жеткізу болғандықтан, эксплуатациялық, апаттық қызмет пен жөндеу бригадалары тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.

Жайық Әлішев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры:

 – Жұмыскерлерге біз жауаптымыз. Күнде әр жұмыскердің денсаулығы тексерілуде. Жұмысқа келгенде температурасын өлшейміз. Ауытқулар болса, міндетті түрде медициналық қызметке қоңырау шаламыз. Бірақ қазіргі таңда карантинде бірде бір қызметкер жоқ.

Жұмыскерлердің барлығы қажетті қорғаныш заттарымен толықтай қамтамасыз етілген. Өндірістік нысандағы техника күніне 3-4 рет зарарсыздандырылады. Талдықорған қаласының Өтенай және Жастар шағын ауданындағы бірнеше үй бүгін табиғи газ құбырына қосылды.  

Нұрсұлтан Сырымов, қала тұрғыны:

 – Төтенше жағдайға қарамастан осы газ мекемесі келіп, газ қосып бергеніне көп-көп рақмет айтамын.Тұрғындарға жақсы болды. Көмірмен көп қиыншылық көрмейміз.

Бүгінде Алматы облысының орталығындағы 9 мыңдай абонент көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Қаладағы 85 кәсіпорын мен екі ірі өндіріс ошағына газ берілді. Талдықорғанды газдандыру жұмыстары 4 кезең бойынша жүзеге асады. «Еркін, Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары да биыл көгілдір отынның қызығын көре бастайды», – дейді мамандар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы