411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біз біргеміз: Алматыда қайырымды жандар мың отбасын азық-түлікпен қамтуға көмектесті

  • 212
  • UPD: 23:51, 06.04.2020

Республика көлемінде қолға алынған «Біз біргеміз» қайырымдылық іс-шарасы жалғасын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі іске кәсіпкерлер, спортшылар мен елімізге танымал өнер адамдары да атсалысуда. Бүгін қайырымды жандар  Алматыдағы  Алатау және Наурызбай ауданында тұратын көмекке мұқтаж мың отбасына азық-түлік жеткізіп беруге өз үлестерін қосты. Қауіпсіздік талаптарына сай оны арнайы қызмет атқарады. Ал өнімнің нақты мекенжайға жетуін жергілікті әкімдік пен Nur Otan партиясының өкілдері қадағалайды.

Арман Дүйсенов, сазгер:

– Арнайы қызметі бар тасымалдау қызметі. Солар барып әр үйге, отбасыға 15 кг азық-түлік береді. Ол үлкен көмек деп ойлаймын.

Ербол күмісқожаев, Nur Otan партиясы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының орынбасары:

– Біздің тізімге сәйкес 400 отбасына осы өнімдер жеткізілетін болады. Бұған дейін біз гигиеналық өнімдерін, әрбір отбасына жеткізген едік. Бүгінгі іс-шара соның жалғасы.

Хабар 24 телеарнасы