428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жазасын өтеушілермен кездесу онлайн форматқа ауыстырылды

  • 374
  • UPD: 23:29, 06.04.2020
Шымкентте жазасын өтеушілермен кездесу онлайн форматқа ауыстырылды

Шымкенттегі тергеу изоляторына жаңадан түскен күдіктілер арнайы тексерістен өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың вирус жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін сынамалар алынып, зертханаға жолданады. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Бұдан бөлек, тергеу изоляторына кіргізілген барлық сәлемдемелер зарарсыздандырылады. Төтенше жағдайға байланысты түзету мекемелерінде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер тоқтаған. Сотталғандар мен олардың туыстарының кездесулері онлайн режимде жүзеге асады. Сот процестері де солай. Қаладағы барлық түзету мекемелері тәулігіне 2 рет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Айта кетейік, Шымкент қаласының аумағында орналасқан 5 түзету мекемесінде 1 549 сотталған азамат бар. Ал  624 күдікті мен айыпталушы тергеу изоляторында отыр.

Ермек Жалғасбаев, қалалық ИЧ-167/11 тергеу изоляторының бастығы:

– Тергеу изоляторына түскен жағдайда 15 күнге дейін карантинде болады. Карантинде толық тексеруден өтіп болғаннан кейін басқа тұлғаларға қосылады. Сотталғандардың кездесулері адвокат тергеуші қоғамдық қорғаушыларымен тоқтатылып, қазір онлайн режимге көштік.

Хабар 24 телеарнасы