399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараз карантинге жабылды

  • 151
  • UPD: 08:33, 07.04.2020

Таразда карантин жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық автокөліктің және адамдардың қала аумағына кіріп-шығуына тыйым салынды. Тек азық-түлік, медициналық бұйымдар және бірінші кезекте қажет тауарларды тасымалдайтын көліктерге жүруге рұқсат. Сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін агротехникалар рұқсат қағазбен қозғала алады. Ал қаланың ішінде жеке көліктер мен тұрғындар бұрынғыдай еркін жүре алмайды. Бірақ қоғамдық көлік таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 8-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар бір орында үш адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ. Кәмелеттік жасқа толмағандардың жанында міндетті түрде ересек адам болуы тиіс. Тәртіпке бағынбағандар жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады. Тіпті 15 күнге дейін қамауға алынуы мүмкін. Жергілікті билік жұртшылықты карантин кезінде барлық сақтық шарасын ұстанып, жағдайға түсінушілікпен қарауға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы