399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы маңында 72 сағатта 100 орындық госпиталь салынды

  • 155
  • UPD: 08:22, 07.04.2020
Алматы маңында 72 сағатта 100 орындық госпиталь салынды

Алматы маңында әскери-далалық госпиталь ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны тұрғызуға бар-жоғы 72 сағат қажет болыпты. Мекеме 100 төсек-орынға арналған. Онда қабылдау және диагностикалық бөлімшелер, дәріхана, операциялық блок пен жан сақтау бөлімшесі бар. Сондай-ақ рентгендік тексеру, өкпені жасанды желдету құралдарымен жабдықталған. Жылыту және ауа баптау жүйелері, тазалық тораптары мен жуыну бөлмелері де қарастырылған. Ал госпиталь жанында 300 орындық екі ғимарат та дайын тұр. Оған қоса 500 орындық шатырлы лагерь ашылған. Олар карантин кезеңінде пайдаланылады.

Хабар 24 телеарнасы