411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жол апаты азайған

  • 106
  • UPD: 08:23, 07.04.2020
Атырауда жол апаты азайған

Атырауда соңғы 10 күнде жарақат алушылар саны айтарлықтай азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын облыстық ауруханаға тәулігіне 150-200 адам түрлі жарақатпен түсетін. Қазір олардың саны 30-дан аспайды. Оны мамандар облыс орталғына енгізілген карантин жағдайымен түсіндіреді. Шынында да, көшелердегі қозғалыс шектелген соң автокөлік апаты азайған. Барлық оқу орны қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Сондай-ақ көптеген мекеме-кәсіпорынның жұмысына шектеу қойылған. Бастысы, адамдар арасында сақтық күшейді.

Сайын Шомыров, облыстық аурухананың бас дәрігері:

– Қабылдау бөлімі жұмыс істеп жатыр. Медициналық көмек тоқтатылған жоқ. Біз кім келсе де, қандай жағдайда келсе де медициналық көмек көрсетуге дайынбыз. Карантинге байланысты әрлі-берлі жүріс азайды. Бөлімшелер мен корпустар араларында тек қана жедел медициналық көмек керек болған жағдайда дәрігерлер, қызметкерлер шығады, басқа уақытта барлығы орындарында отыр.

Хабар 24 телеарнасы