412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Телеарна көруге мүмкіндігі жоқ оқушылар қалай оқып жатыр

  • 239
Телеарна көруге мүмкіндігі жоқ оқушылар қалай оқып жатыр

Түркістан облысындағы шалғай ауылдарда ғаламтор желісі сапасының тиісті деңгейде болмауына байланысты онлайн оқыту жүйесі алынып тасталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы 909 орта білім беру ұйымдарында 488 мыңнан аса оқушы білім алады. Оның 80% ауылдық жерлерде оқиды. Жалпы өңірдегі 430 мың оқушы республикалық «Балапан», «Ел арна» және «Оңтүстік» телеарналары арқылы қашықтан оқиды. Білім және ғылым министрлігі дайындаған видео сабақтарды жергілікті телеарналар оқушыларға тиімді уақыттарда көрсетеді. Телеарна көруге мүмкіндігі жоқ шалғай елді мекендердегі 320-дан астам оқушы «Қазақ радиосы» мен «Қазпоштаның» көмегін пайдаланады. Ұстаздар қосымша аптасына бір рет оқушыларға «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінің көмегімен тапсырма беріп отырады.

Рақымбек Жолаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы:

– Қаланың орталығында орналасқан мектептерде интернет және оқушылардың компьютер құрылғыларына қолжетімділік жағдайы ұйымдастырылды. Дегенмен өз еріктеріне, мұғалімдерімен келісе отырып, оқушы да өзіне ыңғайлы уақытта сол жүйелерге кіріп, тапсырманы қабылдап, кері байланыс орната алады. Бірақ бұл міндетті емес, біз ешкімге онлайн платформада білім алуды міндеттеп отырған жоқпыз. Бірақ қосымша құрал ретінде бұл да ашық қолжетімді болады.

Хабар 24 телеарнасы